{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Роман Поланскиді АҚШ киноөнер академиясынан шығарып тастады

Роман Поланскиді АҚШ киноөнер академиясынан шығарып тастады. 

Ол тәртіп кодексін бұзғаны үшін "Оскар" ұсынатын ұйымнан шығып қалғандардың бірі болып отыр.

Киноакадемияда тәртіп кодексі туралы шешімді былтыр желтоқсан айында голливудтық продюсер Харви Вайнштейннің масқара оқиғасынан кейін қабылдаған болатын.

84 жастағы Полански АҚШ-та 1977 жылы 13 жастағы қызбен заңсыз байланысы үшін айыпталды.

 Француз-поляк режиссері кінәсін мойындап, Құрама Штаттарынан кетіп қалды. 

 Азаматтығы бар екі ел де Вашингтонның кинематографисті экстрадициялау талабын орындамады.

2003 жылы Полански "Пианист" драмасы үшін "Оскар" алған болатын. 

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.