{metadescription}
ВИДЕО: Жаралы аю селфи жасамақшы болған еркекті талап өлтірді

ВИДЕО: Жаралы аю селфи жасамақшы болған еркекті талап өлтірді

Жыртқышпен бірге селфи жасамақ болып өмірін қиды.

Үнді елінің Орисса штатында сұмдық оқиға болды, деп хабарлайды vesti.ru,Odisha Sun-Times-қа сілтеме жасап.

Прабху Бхатар шағын автобустың рөлінде болды. Ол Пападаханди қаласына  үйлену тойынан жолаушылар әкеле жатқан.

Жүргізуші орман шетінен ақсаңдап келе жатқан салпыерін аюды көріп қалады. Ол аюға көмек көрсетіп, сосын селфи жасамақ болды.

Бхатар жолаушылардың ескертпесіне құлақ аспай, артынан бұған қатты өкінді.

Ол жаралы аюдың жанына тақап келіп еді, аю оны ас алып жерге алып ұрып, талай бастады.

Жолаушылар жүргізушінің соңғы сәттерін бейнежазбаға түсіріп үлгерді. Адамдар көмек бермек болып қанша тырысса да, аю оларды маңына жуытпады. 

Табиғатты қорғау департаментінің қызметкерлері тым кеш жетті. Олар аюдан арашалап алған кезде, ер адам жан тәсілім етті. 

Дереккөз: Seithikathir Chennai (YouTube)

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.