ВИДЕО: Шаш үлгісін отпен өртеп жасайтын шаштараз
Шаштараз қайшының орнына от бүркігіш қолданады.
09:00 05.05.2018
Голландияда Kapsalon салынының негізін қалаған шаштараз Кадир Димерель қайшыны сирек қолданады, - деп жазады lenta.ru.
Қайшының орнына ол от шашып тұрған бүркігіш қолданады.
Әлеуметтік желіде шебердің жұмыс істеп жатқан сәті пайда болды.
Димерель клиенттің шашын жағып, сосын оны сумен бүркіп, шаш үлгісін жасайды.
39 жастағы шаштараздың айтуынша, бұл техниканы ол Түркияда меңгерген. Аталмыш тәсілдің шашқа еш зияны жоқ, тіпті керісінше, селдіреп кеткен шаштың ұшын нығайтады дейді.
Ол сондай-ақ бұдан балалар да қорықпайтынын айтты, өйткені шаштараздың шеберлігіне сенеді екен.
Дереккөз: Caters Clips (YouTube)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!