ФОТО: Вьетнамда ресейлік қыз өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Хошимин қаласының соты ресейлік 31 жастағы Мария Дапирканы бас бостандығынан шексіз мерзімге айырды.
10:00 05.05.2018
Себебі - ол елге кокаинның ірі партиясын әкелген.
Қызды 2014 жылы вьетнамдық әуежайда Бразилиядан ұшып келе сала ұстаған.
Оның оқиғасы «Банкок-Хилтон» фильмінің желісіне ұқсас.
Марияның чемоданының түбінен жасырын қалта табылып, одан ірі кокаин партиясы шыққан.
Ал ол чемоданды оның жігіті сыйлаған екен. Олардың арасында махаббат оты Таиланд елінде тұтанып, ғашық жұп некесін қимақ болыпты. Неке қию рәсімінен соң олар қараторы жігіттің отаны Бразилияғаа аттанбақ болған.
Бірақ Таиландқа қайтар жолда жігіт белгісіз бір себептермен сонда қалып, Мария жалғыз өзі ұшып шыққан.
Қыздың айтуынша, ол чемоданда 3 келі есірткі барын мүлдем білмеген.
Тергеу кезінде Марияның нигериялық жігітпен ойнас болғаны анықталды. Ол жігіт ашықауыз қыздар арқылы есірткі сатумен айналысқан.
Вьетнам еліне кокаин жеткізген адамға өлім жазасы кесіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары