Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жеті жасар бала ең жас миллионер атанды
Украина қазыналық қызметінің ақпаратынша, елде "гривендік" миллиннерлер саны 16 процентке артқан.
10:41 08.05.2018
Украинада өткен жылы миллионерлер саны 2016 жылмен салыстырғанда 16%-ға, 4 мың адамға артты.
Ал жеті жасар бала ең жас миллионер атанды, деп мәлімдеді елдің мемлекеттік қазыналық қызметі басшысының міндетін атқарушы Мирослав Продан.
"2017 жылы 4063 адам декларацияда табысы 1 миллион гривеннен асқанын көрсетті. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазіргі миллионерлер саны 16%-ға, немесе 559 адамға өсті", — деп мәлімдеді мемлекеттік қазыналық қызметтің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, миллионерлердің дені, яғни 2270 салық төлеуші — 45 жаста және одан үлкен адамдар. Сонымен қатар, былтыр табысы бір миллион гривеннен асқан ең жас салық төлеуші 7 жасқа толған.
Жас миллионер Черкассы қаласында тұрады екен. Ал ең қарт миллионер — 99 жаста, ол Киев қаласының тұрғыны.
Миллионерлердің 44 процентке жуығы Киевте салық есебінде тұр, сондай-ақ бұл көрсеткіш бойынша лидерлер арасында Харьков, Днепропетровск, Киев және Одесса облыстары бар.
Продан декларацияда тек бір ғана азаматтың табысы 1 миллиард гривеннен (38 миллион доллар) асқанын атап өтті.
Дереккөз: Sputnik
Фото: objectiv.tv
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram