{metadescription}
Жеті жасар бала ең жас миллионер атанды

Жеті жасар бала ең жас миллионер атанды

Украина қазыналық қызметінің ақпаратынша, елде "гривендік" миллиннерлер саны 16 процентке артқан.

Украинада өткен жылы миллионерлер саны 2016 жылмен салыстырғанда 16%-ға, 4 мың адамға артты.

Ал жеті жасар бала ең жас миллионер атанды, деп мәлімдеді елдің мемлекеттік қазыналық қызметі басшысының міндетін атқарушы Мирослав Продан.

"2017 жылы 4063 адам декларацияда табысы 1 миллион гривеннен асқанын көрсетті. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазіргі миллионерлер саны 16%-ға, немесе 559 адамға өсті", — деп мәлімдеді мемлекеттік қазыналық қызметтің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, миллионерлердің дені, яғни 2270 салық төлеуші — 45 жаста және одан үлкен адамдар. Сонымен қатар, былтыр табысы бір миллион гривеннен асқан ең жас салық төлеуші 7 жасқа толған.

Жас миллионер Черкассы қаласында тұрады екен. Ал ең қарт миллионер — 99 жаста, ол Киев қаласының тұрғыны.

Миллионерлердің 44 процентке жуығы Киевте салық есебінде тұр, сондай-ақ бұл көрсеткіш бойынша лидерлер арасында Харьков, Днепропетровск, Киев және Одесса облыстары бар.

Продан декларацияда тек бір ғана азаматтың табысы 1 миллиард гривеннен (38 миллион доллар) асқанын атап өтті.

Дереккөз: Sputnik

Фото: objectiv.tv

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.