ВИДЕО: Екі жеткіншек бетонның астында қалып, қаза тапты
Тәжікстанның Хатлон облысында субұру науасындағы бетон құлап, екі жеткіншек қаза тапты.
14:27 08.05.2018
Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Оқиға өткен жексенбіде Бустон қышлағы маңында болған. Сол маңда 15 жастағы Махмадали Саидбеков пен 12 жастағы Рустам Давлатов мал бағып жүрген.
Жеткіншектер қатты нөсерден субұратын бетонның жанына пана іздеген. Бірақ аяқ астынан бетон опырылып, жеткіншектерді басып қалған.
Жергілікті билік қатты нөсер селді көтеріп жіберді дейді. Бустон ауылында бірнеше үй зардап шеккен.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!