Головкин мен Альварес реваншының нақты күні белгілі болды
ESPN Deportes ақпараты бойынша, келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өкілдері кездесу өткізіп, боксшылардың күзгі реваншын ұйымдастыруды талқылайды.
14:18 09.05.2018
Жекпе-жек сенбі, 15 қыркүйек күні, Мексика тәуелсіздігі күні қарсаңында болады. Осылайша, қазақстандықтар рематчты 16 қыркүйек күні таңертең тамашалай алады.
GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі былтыр осы күні өткен болатын. Алғашқыда қазақстандық пен мексикалық 5 мамырда айқасады деп жоспарланған. Алайда, Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкиннің промоутері екінші айқас үшін «Канелоға» қатаң шарт қойды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!