Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Жанартау лавасы көлікті жойып жіберіп, эвакуация жарияланды
Билік Америкадағы Гавай аралдарының (Гавайя штаты) солтүстік бөлігіндегі Килауэа жанартауының атқылауына байланысты Ланипун елді мекенінің тұрғындарын жедел көшіру жөнінде шешім қабылдады.
16:15 09.05.2018
Жанартаудың жарылуы – қорқынышты, әрі таңғала қарайтын құбылыс. Килауэя XIX ғасырдан бері әлемдегі суретшілер арасында танымал жанартау, тіпті кескіндеме өнерінің «Вулкан мектебі» пайда болды.
0,347 шаршы шақырымға жайылған лава 35 үй-жайды жойды. Бұдан бұрын апат болған аумақта 1,7 мың адам эвакуацияланған болатын. Килауэа жанартауы Гавай аралдарындағы туристердің ең көп баратын танымал жері.
Осыған байланысты штат билігі ескерту жариялап, табиғи апат болған аумаққа туристердің жақындамауын сұрайды.
3 мамырда Килауэа жанартауының атқылауымен қатар, қуаты 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Хавайиан-Пэрадайс-Парк (Пуна округі) аумағынан оңтүстік-батысқа қарай 25,5 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте жатыр.
Осыған дейін Гавайи аралында атқылаған жанартау 21 үйді жойып жібергенің хабарлаған болатынбыз.
Видео авторы: KTVU
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram