Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда ер азамат қайын атасы мен енесін атып тастады
Зейнеткер жедел жәрдем келгенше оқ жарақатынан жан тапсырған.
11:56 11.05.2018
Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Атыс Оралда көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы пәтерде болған, деп хабарлайды өңірлік "Мой Город" басылымы.
"Күйеу баласы енесін атып өлтірді. Кейін қайын атасына да оқ атқан. Оны жедел жәрдем алып кетті. Әйел адамның "Көмектесіңдер" деп айғайлағанын естідім. Сол кезде дүкенге кетіп бара жатқанмын. Мына жерде әжелер отырды. Жастарды шақырыңыздар, әйелге көмектессін дедім. Атылған оқ үнін бәрі естіді", — деді тұрғындардың бірі.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, дәрігерлер әйел адамның жедел жәрдем жеткенше қайтыс болғанын айтыпты.
Зейнеткер оқ жарақатын алған.
"66 жастағы ер адам оқ жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді", — деп мәлімет берді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram