{metadescription}
ФОТО: Қазақстандық балуан Ташкентте Азия чемпионы атанды

ФОТО: Қазақстандық балуан Ташкентте Азия чемпионы атанды

Ташкентте күрес түрлерінен кадеттер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ ұланы чемпион атанды.

Бұл туралы Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Грек-рим күресінен 55 елі салмақта ел намысын қорғаған Дінмұхамед Қошқар өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, Азияның жеңімпазы атанды.

Дінмұхамед финалда өзбекстандық Амирбек Солтановтан басым түсті.

Финалда ирандық Саджад Жавидтен 4:7 есебімен жеңілген Исхар Курбанов Азияның күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ, қола медальді 45 келідегі Мақсат Ерманов жеңіп алды. Мақсат үшінші орын үшін болған белдесуде қытай балуанын 12:1 есебімен ұтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде