Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Құдайдың құдыреті: Аптасына екі рет лотереядан жүлделі болды
Сиднейдің маңындағы Бонди қаласының тұрғыны аптасына екі рет лотереядан ұтыс ұтып, жүлделі болды.
11:10 15.05.2018
Алайда, ол өзіне үй сатып алу үшін оған әлі де ақша жетпейді екен.
Бұл туралы Pedestrian басылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
Есімін жасырын қалдырғысы келген 40 жастағы австралиялық азамат алғашында шамамен бір миллион, ал екіншісінде – 1,4 миллионға жуық Австралия долларын ұтып алды. Нәтижесінде оның ұтысы 2,48 миллион австралиялық долларды құрады, ол шамамен 115,3 миллион рубль.
Ер адам бұл ұтысын қалыпты түрде қабылдады. Ол осы сәттілігін «Құдайдың көмегі» екенін айтып, лотерея ойнайтын ойыншыларға ешқандай кеңес бере алмайтынын мойындады. Ұтыскер бұл қаражатты «ақылмен жұмсауға» ниетті екен. Бірақ ол ұтысының жарты бөлігіне сәнді жаңа көлік алып, ақшасын жұмсап қойған. Ал қалған қаражатын Гавайи аралдарына демалысқа баруға жұмсап, туған қаласы Бондиден үй сатып алуды жоспарлап отыр. Дегенмен журналистер ол бүкіл жүлдесін жинаған күннің өзінде тек тоңазытқыш қана сатып алуға шамасы келетінін атап өтті. Себебі, бұл ауданда жылжымайтын мүліктің бағасы шарықтап тұр екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram