Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жігітімен ұрсысып қалып, бір тәулік бойы орманда адасып жүрген
Бойжеткен бір тәулік бойы Ақмола облысындағы ұлттық табиғи саябағының орманында жалғыз өзі адасып жүрген.
11:11 15.05.2018
Бұл туралы Stan.kz ІІД-не сілтеме жасап хабарлайды.
12 мамырда 29 жастағы Астана тұрғыны Еременов аудандық полиция бөліміне жүгінді.
«Қала тұрғыны ғашық қызымен Ерементау ауданындағы «Бұйрытау» ұлттық табиғи саябағының аумағына демалуға келген екен.
11 мамырда, кешке таман екеуінің арасында жанжал туып, оның сүйіктісі белгісіз бағытқа кетіп қалған.
29 жастағы жігіт ұрыс үстінде кетіп қалған қызды өзі іздеуге тырысқанымен, бірақ одан еш нәтиже шықпаған.
Содан ол полиция бөлімшесіне келіп, көмек сұраған. Қызды іздеуге полиция бөлімінің бірнеше тобы мен орман қызметкерлері де қосылған.
«Жоғалып кеткен қыз Балықты ауылынан бір жарым шақырым жерден табылды. Ол адасып кеткен екен. Бойжеткеннің денсаулығына алаңдайтындай еш қорқыныш жоқ. Ол түнде жаурап қалмас үшін жүгірген көрінеді», – деді ІІД.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram