Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Көлік жүргізуге рұқсат алған Сауд Арабия әйелдері автокөрмеге келді
Эр-Риядта автомобильдер көрмесі өтті.
14:09 15.05.2018
Ұйымдастырушылардың басты мақсаты - әйелдерді көліктің түрлі моделімен таныстырып, ұнаған көлікті таңдауға көмек беру.
Бір айдан соң Сауд Арабия көшелерінде көлік жүргізуші әйелдер пайда болмақ. Бұл елде әйелдерге автоқұжат беруге тыйым салынған заң жойылады.
Көлік мінгісі келетін әр әйел судай жаңа автомобильмен оқыту тас жолында жүйткитін болады.
Автомектептің оқушысы Лама Ал-Сабах қатты толқып тұрғанын жасыра алмады:
- "Сезімімді айтып жеткізе алмаймын! Өмірімде осымен екінші рет көлік жүргіземін. Құдайдай шыным, бұл керемет сезім! Ең бастысы - рөлге отыруға батылдық керек және қорықпау керек!. Мен бақыттымын!".
Ал көлік тізгіндеуге батылы жетпейтіндер үшін көрме ұйымдастырушылары ынталандырғыш дайындап қойды.
Сауд Арабиясы әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салған жалғыз мемлекет болып келді. Бұл мәселе ұзақ талқыланды, тіпті дебат бірнеше жылға созылды. Шығарылған шешімге қарсы болған фундаменталшы исламшылар да бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram