«Ішіндегі жындарын шығармақ болдым»: Испанияда ер азамат өз қызы мен оның құрбыларын зорлап келген
Ер азамат өз қызы мен оның құрбыларын зорлап келген

Ер азамат өз қызы мен оның құрбыларын зорлап келген

Испанияда ер азамат 15 жастағы қызы мен оның екі құрбысын зорлап келген.

Өзінің бұл әрекетін ол балалардың ішіне кіріп кеткен жындарды қумақшы болдым деп ақтап отыр деп жазады BBC News.

Хавьер есімді азамат Барселонаға жақын жердегі Баш-Льобрегат деп аталатын отбасылық үйінде қыздарды жыныстық қатынасқа түсуге бірнеше рет мәжбүрлеп келіпті.

Әйелі бұл туралы білген және ол да сол жерде болған. Тіпті, төсек қатынасынан кейін ол қыздардан қалай болғанын да сұрайды екен.

Айыпталушының айтуынша, оны бұл қылмысқа Один ордені діни ұйымы итермелеген көрінеді.

Ұйым басшылары Хавьерді бұлай жасамасаң, отбасың қарғысқа ұшырайды деп қорқытқан.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...