Евровидение-2018 жеңімпазы Нетта Барзилай ресейлік МУЗ-ТВ-дан бас тартып, гей-шеруді таңдады
ВИДЕО: Нетта Барзилай ресейлік МУЗ-ТВ-дан бас тартып, гей-шеруді таңдады

ВИДЕО: Нетта Барзилай ресейлік МУЗ-ТВ-дан бас тартып, гей-шеруді таңдады

Евровидение-2018 байқауының жеңімпазы Нетта Барзилай ресейлік МУЗ-ТВ-дан бас тартып, гей-шеруді таңдады.

Бірер күн ішінде дүниежүзіне аты шыққан израильдік 25 жастағы әнші Нетта Барзилайды Ресей елі өзінің танымал Муз-ТВ марапатына шақырған болатын. 

Бірақ Нетта ресейлік ұсыныстан бас тарттты. 

Ол Израильде өтетін гей-шеру маңыздырақ екенін, соған қатысқысы келетінін жасырмады. 

Әрине, Неттаның өз таңдауы бар. Қазір оны әр ел өз  музыкалдық іс-шараларына жарыса шақырып жатыр.

Биыл "Муз-ТВ" "Трансформация" Неттаны марапатқа шақыру ұсынысын айтқанда, оның меджменті бұл күні оның басқа жоспары барын айтып жауап берді.

"8 маусымда Израильде гей-шеруі өтеді, ол Нетта үшін Ресейге барғаннан маңыздырақ және оны ресейліктердің гейлерге деген қарым-қатынасы шошытады" деп жауап берді.

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...