Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Баспананы алып-сату құны қымбаттамайды
7-20-25» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруда баспананы алып-сату бағасы қымбаттамайды.
13:32 18.05.2018
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті
Оның айтуынша, бағдарламада баспананың шекті бағасы көрсетілген. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында бұл көрсеткіш - 25 млн теңгеден, ал өңірлерде - 15 млн теңгеден аспауы тиіс.
«Бұл сомаларды анықтау үшін жергілікті атқару органдарымен белсенді жұмыс істедік. Біздің ойымызша, бұл бағалар қазіргі нарықтық жағдайлар мен баспана нарығына сәйкес келеді», - деп атап өтті О. Смоляков Сенатта «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған өткен дөңгелек үстелде.
Айта кетейік, Олег Смоляков мамыр айының соңына дейін ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының негізгі бағыттарын бекітетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл бағдарлама мемлекеттік қызметкерлерге де, кәсіпкерлерге де арналған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram