{metadescription}
Танымал футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Танымал футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Мұхаммед Салах жас жұбайлардың некеге тұруына көмектесіп, үйлену тойларын өткізуді мойнына алған.

Ол Афри­каның да 2017 жылғы үздік фут­болшысы атанды.

Ағылшын пре­мьер-лигасының қазіргі маусы­мын­дағы ең үздік «бомбардирі» Мұхам­мед Салах Мысыр құра­масының Ресейдегі Әлем чем­пионатында ойнауына жол ашты. 25 жастағы жігіттің атақ-даңқы мұнымен шектеліп тұрған жоқ.

Әлеуметтік желілерде айтыл­ғандай, ол футболда қақпа көздеп жүргенде, кәнігі ұрының бірі оның пәтерін көздеп жүріпті.

Үйін үптеп кеткен ұрының үстінен оның әкесі сотқа шағым түсірген. Алайда, Мұхаммед әкесіне айтып, сотқа түсірген шағымды қайтадан кері алдырады.

Ал үйіне түскен ұрыға қолұшын беріп, қаржылай көмек­тесіп, жұмыс табуына көмектеседі..

Дереккөз: Алматы ақшамы

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде