{metadescription}
Тұмауратқан  жігіт аяғы мен қолынан айырылып қалды

Тұмауратқан жігіт аяғы мен қолынан айырылып қалды

Испания тұрғыны Дэвид Морана (Davide Morana) өзінің сырқатына дәрігер дұрыс диагноз қоймай, қолы мен аяғынан қалай айырылып қалғанын айтып берді.

Осы жылдың қаңтар айында 24 жастағы жігіт иек жағының қатты сыздап ауырғанын сезеді. Жағдайы нашарлағанын білгеннен ауруханаға барып, анализ тапсырады. Дәрігер қауіпті ештеңе байқамай, оған жай суық тиген деп, үйіне қайтарып жіберген.

Кейін Морана құсып, дене қызуы 39 градус Цельсийға дейін көтеріледі. Бетінде қоңыр дақтар шыға бастайды.

«Мен өзімді қатты нашар сезіндім. Аяғым қатты ауырды, қатып қалғандай болды. Кейін шұлығымды шешіп қарасам, қоңыр дақтар аяғыма да шыққан», - деп айтып берді испаниялық жігіт.

Ол ауруханаға қайтып келеді. Содан соң дәрігерлер оған менингит деген диагноз қояды. Екі күн ішінде инфекция бүкіл денесіне тарап кетеді де, ер адамның аман қалуы үшін қолы мен аяғын ампутациялау керек болады.

Қазір Морана ақша жинап, жаңа «аяқ-қол» алмақшы. Бұған дейін ол спортшы болған, сондықтан белсенді өмір салтына қайта оралғысы келеді.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.