Семейде мұғалім оқушыға көз салған
Семейде оқушыға көз салды деп айыпталған мұғалімге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
20:30 18.05.2018
Себебі күдікті тұлғаның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық анықталмаған.
Семей қаласында оқушы қыздың анасы полицияға денешынықтыру мұғалімінің үстінен арыз түсірді. Оның айтуынша, мұғалім оның қызын құшақтап, сүйіп, ерекше көңіл білдірген.
-ШҚО Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 124 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іске қатысты қалалық орта мектептерінің бірінде тергеу шараларын жүргізген болатын, — деп хабарлады ШҚО ІІД басшысының орынбасары Мұратжан Шакеров.
– Нәтижісінде бұл іс тоқтатылып отыр. Себебі күдікті тұлғаның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық анықталмаған.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!