Ердоғанға шабуыл жасалуы мүмкін екені анықталды
Түркияның арнайы қызметінің мамандары ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға алдағы Босния және Герцеговинаға ресми сапары барысында шабуыл жасалуы мүмкін екенін біліп қойды.
18:25 20.05.2018
Басылым Түркияның TRT Haber порталына сілтеме жасап жазады.
Батыстағы барлау агенттіктері түрік әріптестеріне «Балканға сапар барысында түрік азаматтарының тобы өлтіруге дайындалып жатқаны» туралы ақпарат берді. Дегенмен күні, уақыты, орны және қылмысты қалай жасайтыны жөнінде нақты мәлімет жоқ.
Айта кетсек, 2017 жылдың шілдесінде түрік арнайы қызметі Гамбургте өткен G20 саммиті кезінде Ердоғанға шабуыл жасалуы мүмкін деп неміс полициясын ескерткен. Анкара форумға бір күн қалғанда Берлинге хат жолдады. Онда түрік көшбасшысына «неміс полициясының формасын киген адамдар» шабуыл жасауы мүмкін деп жазылған.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!