{metadescription}
Месси нешінші рет «алтын бутсы» иегері атанды

Месси нешінші рет «алтын бутсы» иегері атанды

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатында маусым аяқталғаннан кейін «Алтын бутсы-2018» иегері атанды.

Футболшы бұл маусымда лиганың 36 ойынында 34 рет гол салып, 68 ұпайға ие болды.

Оның басты қарсыласы, «Ливерпуль» ойыншысы Мұхамед Салах Англия чемпионатын 32 голмен аяқтады (62 ұпай).

Еске салайық, бұл Мессидің мансабындағы бесінші «Алтын бутсы». Ол бұл марапаттты екі рет қатарынан жеңіп алды. Бұдан бұрын ол аталмыш наградаға 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары ие болған еді.

Осылайша, 30 жастағы аргентиналық «Алтын бутсыды» бес рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды. 

Дереккөз:sport.inform.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.