{metadescription}
ВИДЕО: Балконда ілініп тұрған бүлдіршінді ажалдан арашалап қалды

ВИДЕО: Балконда ілініп тұрған бүлдіршінді ажалдан арашалап қалды

Париж қаласында 22 жастағы малилік жігіт балконда ілініп, құлағалы тұрған сәбиді өлім аузынан алып қалды.

Төрт жасар сәби кез келген уақытта қолын жіберіп қалса құлап кетуші еді. 

Жігіт ешбір қауіпсіздік белбеуінсіз үйдің алдындағы балкондардан ыршып-ыршып шығып, бесінші қабатқа көтеріліп, төменге құлағалы тұрған бүлдіршінді қапсыра көтеріп алды. Ал бүлдіршіннің қолынан үстіңгі жақта бір ер адам жібермей ұстап тұрды. Ол сәбиді тартып алуға күші жетпеген болуы керек. 

Франция президенті Эммануэль Макрон ержүрек жігітті Елисей сарайына шақырды. Ол бүкіл француз халқының атынан алғыс айтпақшы.

Кездесу бүгін, 28-ші мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы09.50-да өтеді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде