Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жедел жәрдем мен жол-көлік полициясы қақтығысты
Оқиға Семей қаласында Қабанбай батыр жəне Байсейітов көшелерінің қиылысында орын алған. Мұны куәгердің көлігіндегі бейнетіркегішіне жазылған видеодан байқауға болады.
12:00 31.05.2018
Айта кетсек бұл туралы КТК телеарнасының кешкі жаңалықтарынан көрсеткен болатынбыз. Бейнежазбада Қабанбай батыр көшесінің бойымен жүйіткіген полицейлердің көлігін Байсейітов көшесінен шыққан жедел жəрдемнің көлігі қаққаны анық көрініп тұр. Соққыдан құқық қорғаушылардың қызметтік тұлпары аударылып түседі.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Анықталғандай, тəртіп сақшылары жол-қозғалысы ережесін бұзған автокөліктің артынан келе жатқан екен.
Бірақ тосыннан шыққан жедел жәрдем көлігі жолдарын кескен. Əйтсе де патрульдік көліктің дабыл құралдары мен жарық шамдары қосылып тұрыпты.
Кінəлілер арнайы тексеру жұмыстарынан кейін анықталады деп нақтылады жауапты орган өкілдері
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram