Үндістанда 50-ге жуық адам қаза тапты
Үндістанда дауылдың салдарынан бір апта ішінде 47 адам қаза тапты.
13:02 31.05.2018
Үндістанның Солтүстігінде дауыл, толастап жауған нөсер мен бұршақтың нәтежесінде 47 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Бұл өңірлерде қатты желдің екпіні 80 км/сағ-қа жеткен. Көптеген аудандарда үйлер мен электр желілері бүлініп, ағаштар құлаған .
Уттар-Прадеште 10 жергілікті тұрғын апаттан қаза тауып , тағы алты адам зардап шекті. Бихарда найзағай 17 жергілікті тұрғынның өмірін жалмады. Джарханд штатында 13 адам қаза болған.
Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди жергілікті билік зардап шеккендермен қаза тапқандардың туған-туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетеді деп сендірді. Құтқару қызметі әлі де іздестіру жұмыстарын жүргізуде, қаза тапқандар санының өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары