Қырғызстанда «Әлем ханымы — 2018» - Сәния Шәкірова қайтыс болды
Халықаралық Miss Universe Beauty — 2018 ("Әлем аруы — 2018") және "Әлем ханымы — 2018" - қырғыздық Сәния Шәкірова Ыстықкөлде жол-көлік апатынан қайтыс болды.
08:00 04.06.2018
Бұл туралы ақпаратты Instagram парақшасына белгілі тележүргізуші Ассоль Молдокматова жариялады.
Қырғыз Республикасы ІІМ Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші бас басқармасының баспасөз қызметі Шәкірованың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
Рөлде отырған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жолдағы тосқауылға соғылған деп хабарлады.
Қазіргі уақытта құқыққорғау органдары оқиғаны егжей-тегжейлі тексеруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!