Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Фотодағы елес әйелдің құтын қашырып, зәресін ұшырды
Британияның Ньюкасл қаласының тұрғыны Лора Уотсон баласын фотоға түсіремін деп елеске тап болды.
08:30 04.06.2018
Бұл туралы Mirror басылымы хабарлайды.
Лaуpa Уoтcoн орманда балаларымен серуендеп жүрген. Ол талға өрмелеп шыққан ұлын фотоға түсірген соң, суреттегі елесті көріп үрейі ұшты. Суретте белгісіз адамның беті шығып тұрған.
Анасының айтуынша, суретке түсірген кезде балаларының қасында бөтен ешкім болмаған. Сондай-ақ британдық әйел ешбір фотошопты қолданбағанын айтады. Ол тіпті фотошопты қолдануды білмейді екен.
«Бұны түсіндіріп айтудың өз қиын. Қызым екеуіміз түнімен көз ілмей шықтық. Өйткені қатты шошыдық. Күйеуім түнгі ауысымда жұмыс істейді. Біз жалғыз болғандықтан, елес бізбен еріп келді ме деген үрей болды», — дейді әйел.
Кейін белгілі болғандай, Нортумберленд саябағында кезінде фотодағы елестің жасына сай ұл бала қаза тауыпты. Әлеуметтік желі қолданушылары тап сол баланың елесі екеніне сенімді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram