Танзаниялық сиам егіздері қайтыс болды
Әлемге белгілі танзаниялық сиам егіздері қайтыс болды.
09:20 04.06.2018
Мария мен Консолата Мвакикути 22 жасында Танзания ауруханасында жарық дүниемен қош айтысты.
Бұл туралы Би-би-си хабарлайды.
Апалы-сіңлілі егіздер Танзанияда жарты жыл тұрыпты. Оларды жергілікті халық аялап, қатты жақсы көріп кетіпті. Өмірмен қош айтысқан күні әлеуметтік желіде көңіл айтып қайғырғандар саны көп-ақ.
Ел президенті Джон Магуфули твиттерде көңіл хатын жариялап, Консолата мен Мария еліне пайдасын тигізуді армандағанын атап өтті.
Былтыр Би-би-си-ге берген сұхбатында сиам егіздері университетті бітірген соң ұстаз болғысы келетінін айтқан. Өкініштісі, олардың арманы күрт үзілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!