Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
АҚШ президенті Ақ үйде ауызашар өткізеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мұсылман қауымына алғаш рет ауызашар өткізеді.
13:40 04.06.2018
Ақ үйде 20 жылдан бері дәстүрлі түрде ауызашар ұйымдастырылып келе жатқан болатын, бұл дәстүрді былтыр Трамп бұзған еді. Ауызашар сейсенбі, 5 маусымға жоспарланған. Іс-шараның жоспары, шақырылған қонақтар әзірге жарияланған жоқ. Дәстүр бойынша ауызашарды АҚШ президенті мен елдің бірінші ханымы өткізеді. Әзірге кешкі асқа Мелания Трамптың қатысатыны белгісіз.
Ол 10 мамырда бүйрегіне ота жасалғаннан кейін халықтың алдына шыққан жоқ. Былтыр Ақ үй Рамазандағы кешкі асты ұйымдастырмауына байланысты сынға қалған еді, деп жазады Politico.
Ауызашар беру дәстүрін өз уақытында АҚШ президенттері Билл Клинтон, кіші Джордж Буш және Барак Обама қолдаған болатын. Өткен айда Трамп АҚШ-тағы және барлық әлемдегі мұсылмандарды қасиетті аймен құттықтады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram