{metadescription}
Атырау маңында мұнайлы көл пайда болды

Атырау маңында мұнайлы көл пайда болды

Атыраудан 70 шақырым қашықтықта мұнай толы шағын ғана көл пайда болған.

Мұнайға толы көлдің пайда болғаны туралы видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.

Бейнероликте Атыраудан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Махамбет ауданы Таңдай ауылына жақын жердегі суат түсірілген. Суаттың бетінде мұнайдың қалқып жүргенін анық көруге болады.

Бұл жағдайға байланысты Атырау облысы экология департаменті пікір білдірді. «Мұнайдың су бетіне шығу фактісі туралы барлық жауапты органдарға хабарланды. Қоршаған ортаның ластану мәселесі бақылауға алынды. Қосымша ақпарат қосымша хабарланатын болады», - деді экология департаментіндегілер

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.