{metadescription}
ФОТО: Головкин IBF белбеуінің орнына басқа чемпиондық белбеуге ие болды

ФОТО: Головкин IBF белбеуінің орнына басқа чемпиондық белбеуге ие болды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) pound-for-pound (P4P салмақ дәрежесіне қарамай берілетін) чемпиондық белбеуге ие болды. 

Жаңа чемпиондық белбеуін Instagram парақшасына жариялады. Айта кетейік, Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде көш бастаған болатын. 

Бұған дейін The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Головкинге бұл белбеуді 6 маусым күні Hollywood Fight Night бокс кешінде берілетінін айтты. Бұл бокс кешін кешін Том Леффлер басқаратын 360 Promotions компаниясы ұйымдастырады. 

Айта кетейік бұған дейін 6 маусым күні Головкин орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінің бірінен айырылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыдан өз белбеуін алып қою туралы шешім шығарды. Оның себебі, Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен 3 тамыз күніне жекпе-жек өткізу үшін қағаз жүзінде келісім бермеуі себеп болған.  Осылайша орта салмақтағы IBF белбеуі бос қалып отыр. Жуық арада федерация бұл белбеуге таласатын екі боксшыны анықтап, келіссөз ұйымдастырады. Одан бөлек, Головкинге айыппұл да салды. Өйткені ол федерацияның шарттарын орындаған жоқ. Дегенмен де қазақстандық боксшы WBA (Super), WBC және IBO белбеулерінің чемпионы болып қала береді. 

ДЕРЕККӨЗ: vesti.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде