Елімізде мемлекеттік қызметшілер жеңілдікпен баспана алады
Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруда жеңілдіктер беру шаралары әзірленіп жатыр.
11:00 08.06.2018
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті.
"Қазіргі уақытта агенттік Президент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруға жағдай жасау үшін жеңілдіктер беру шараларын әзірлеп жатыр. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы, "7-20-25" бағдарламасы бар. Дегенмен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда. Менің ойымша, бұл тәсілдер мемлекеттік қызмет үшін қолайлы болады", - деді Алик Шпекбаев.
Дереккөз: Қазақпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!