{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әкесі мен баласы суға кетіп өлді
Түркістан қаласының іргесіндегі Ұшқайық ауылында әкесі мен баласы суға кетіп қайтыс болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 маусым күні 1981 жылғы әкесі мен оның бес жасар ұлы ауыл жанындағы Сырдария өзеніндегі рұқсат етілмеген жерге барып шомылған. Сөйтіп кешке таман екеуі де суға кетті. Жедел іздестіру тобы мен тұрғындардың туыстары ертесінде түнімен іздеп, ақыры әкесінің, таң ата баласының өлі денесін судан алып шықты.
17:39 08.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!