Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Із-түссіз жоғалған әйел жанып жатқан қамыстың арасынан табылды
Қостанайлық із-түссіз жоғалып кеткен әйел өртенген қамыстың арасынан табылды. Рудныйда саяжай қауымдастығы өртеніп, бір әйел қаза болған. Тобыл өзенінің жағасындағы қамыс өрті сағат 18:40-та сөндірілген. Сол жерден 44 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Ол 15 мамыр күні із-түссіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ ол психиатрдың тіркеуінде тұрған. Қазір әйелдің денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Алдын ала болжам бойынша, өрт отты абайсыз қолданудан шыққан. Себептері анықталуда.
21:24 08.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!