{metadescription}
Өртке оранған үйдің терезесінен секірем деп мерт болды

Өртке оранған үйдің терезесінен секірем деп мерт болды

Ресейде үйі өртке оранған 22 жасар қыз жетінші қабаттан секіріп мерт болды.

Иркутск қаласының Мамин-Сибиряк көшесіндегі қайғылы жағдай маусымның  10-нан 11-не қараған түні орын алған.

Түнгі сағат екілер шамасында 22 жастағы қыздың  пәтерінен өрт  шыққан. Көпқабатты үйдің тұрғындары түтіннің иісіне тұншығып, көршілерді оята бастайды.

Нәтижесінде ғимараттан 10 адам өз күшімен шығып үлгерген. Ал, пәтері өртке оранған қыз оттан қашпақ болып 7 қабаттан секірген.

Биіктіктен секірірген ол ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған .

Оның мәйітін оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру қызметінің  мамандарды тапқан. Өртті тез арада сөндіргенімен ол жиһаздарды және 5 шаршы метр алаңдағы кейбір заттарды зақымдалған.

Ресей Федерациясының Иркутск облыстық ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері өрт отты абайсыз қолданудан болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде