Ғаламшардағы ең ірі айсбергтің бірі еріп жатыр
Ғаламшардағы ең ірі айсбергтің бірі еріп жатыр

Ғаламшардағы ең ірі айсбергтің бірі еріп жатыр

NASA ғалымдарының айтуынша,  Антарктидадан бөлініп шыққан әлемдегі ең ірі айсбергтердің  бірінен жақын арада түк қалмайды.

Көлемі Ямайка аралымен бірдей көшпе мұз  Антарктидадан 2000 жылы бөлініп шыққан.  

Он алты жыл бойы мұхит бетінде қалқып жүрген айсберг Атланта жылы мұхитына да келіп жетеді. В-15 деген атауды иеленген айсберг 6 600 мильді (10 000 шақырым) кешіп өтіп, қазір экваторға жақын орналасқан.

NASA-ның мәліметінше, әдетте экваторға жақындағанда айсбергтер тез ери бастайды.  Бүгін оның көп бөлігі еріп кетіп, тек төрт  үлкен бөлшектері ғана қалды. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...