Әлеуметтік желілерде менингит қырғыздарға жетті деген хабар тарап кетті.
Менингит  қырғыздарға жетті ме?

Менингит қырғыздарға жетті ме?

Әлеуметтік желілерде менингит қырғыздарға жетті деген хабар тарап кетті. 

Қырғызстанға түрлі әлеуметтік желілер арқылы жеткізіліп жатқан ескертуден кейін, тұрғындар тысқа шығудан шошынып қалыпты.

Бұл туралы жергілікті басылымдары жарыса жазып жатыр.

 Тіпті Қазақстаннан тараған жұқпалы дерттен 2 сәби көз жұмыпты деген ақпараттар да бар екен. Алайда Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметтердің барлығын жоққа шығарды.

 Айтуларынша, жыл басынан бері көрші елде 12 адам қауіпті дертке шалдыққан екен. Менингиттен көз жұмғандар жоқ. Сондықтан дәрігерлер елді сабырға шақырып, жалған мәлімет таратқандарды жауапкершілікке тартуды талап етуде.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...