Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қараусыз қалған бала автокөлік салонында тірідей өртеніп кетті
Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданында тоғыз жастағы бала "ВАЗ-2102" автокөлігінде тірідей өртеніп кетті.
13:48 14.06.2018
Құқыққорғау органының нұсқасы бойынша, бала жанармай құйылған бес литрлік канистрді күкіртпен өртеп жіберген.
Оқиға 11 маусымда кешке Ферғана облысына қарасты "Бекабад" ауылында болған.
Облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерінің хабарлауынша, әкесі тоғыз жастағы баласын автокөлік салонына қалдырып, өзі өрік теруге кеткен уақытта өрт шыққан.
"ВАЗ-2102" автокөлігінің салонындағы бала жанармай құйылған бес литрлік канистрді күкіртпен өртеген. Бала оқиға орнында қаза болды. Тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр", - деді ішкі істер басқармасының қызметкері.
Оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, халық өрт сөндірушілер келгенше автокөліктегі өртті сөндірген, бірақ баланы аман сақтап қала алмаған. "Көліктің есігі жабық болды, әйтпесе баланы құтқарып қалуға болатын еді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі.
Дереккөз: centralasian.org
Фото: kaz.caravan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram