{metadescription}
ФОТО: Такси  бір топ адамды қағып кетті

ФОТО: Такси бір топ адамды қағып кетті

Мәскеуде такси  бір топ адамды қағып кетіп, жеті адам зардап шекті.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Ресей астанасында Ильинка көшесіндегі үйдіңмаңында такси жол белгісіне соғылып, содан кейін бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан 7 адам зардап шекті», - деді агенттіктің дереккөзі.

Такси жүргізуші ұсталды. Оқыс оқиғаның қалай болғаны егжей-тегжейлі тексерілуде. Зардап шеккендердің ахуалы да анықталуда.

«Такси жүргізуші рөлге ие бола алмапты. Ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жүргізілуде», - деп мәлімдеді ІІМ-нің Бас басқармасынан.

Мәскеудің шұғыл қызметіндегі дереккөз зардап шеккен бес адамның ауруханада екенін айтты.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.