{metadescription}
ВИДЕО: 20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді

ВИДЕО: 20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен ұтты.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді.

Шавиниган (Канада) штатының Centre Gervais Auto ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде 20 жастағы қазақстандықтың қарсыласы тәжірибелі мексикалық боксшы Густаво Гарибай (13-10-2, 5 КО) болды.  

Бірінші орта салмақта алты раундқа есептелген жекпе-жекте Ахмедов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бесінші раундта қазақстандық сол қолымен жойқын апперкот соққысын жасап, мексикалықты сұлатып салды. Садриддин кәсіпқой бокста 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен ұтты, ал Гарибай карьерасында он бірінші рет жеңіліс тапты.   

Садриддин Ахмедовтың үшінші жекпе-жегіндегі шешуші сәттің видеосын назарларыңызға ұсынамыз.  

Видео авторы: Спортивный портал Казахстана 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.