Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Анасының үш көңілдесін де өлтірген 25 жасар жігіт сотталды
Ресей тұрғыны анасымен бірге тұрған үш ер адамды өлтірді.
10:22 20.06.2018
Ресейдің Комсомольска-на-Амуре қаласында 25 жастағы жігіт анасының көңілдесін өлтіргені үшін тағы сотталды.
Тергеудің мәліметінше, өткен жылдың қарашасында жас жігіт анасының көңілдесімен әңгімелесу барысында оның басынан таспен кем дегенде 10 рет ұрған, зардап шегуші сол жерде жан тапсырған. Қанды оқиғадан кейін ол болған жайтты анасы мен таныстарына айтып берген.
Жігіт ер адамды анасын қорлағаны үшін өлтіргісі келгенін мойындады.
Сонымен қатар ол бұған дейін 2008 және 2012 жылдары басқа "өгей әкелерін" өлтірген. 2017 жылдың көктемінде бостандыққа шығып, анасымен бірге тұра бастайды, дүкенге жүк тасымалдаушы болып жұмысқа да тұрған екен.
Сот оны үшінші рет кісі өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram