{metadescription}
Ескендір Сүлейменовті көлігімен қаққан жүргізуші ІІД бастығының қызы болып шықты

Ескендір Сүлейменовті көлігімен қаққан жүргізуші ІІД бастығының қызы болып шықты

Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі - Ескендір Сүлейменовті көлігімен қағып кетіп, өлімші еткен жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің бастығының қызы екенін растады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

 «Мұхитованың әкесі ішкі істер органында еңбек ететінін, Қызылорда облыстық ІІД бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов екенін растаймыз», - деді қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында департамент бастығының орынбасары Санжар Әділов.

Айта кетсек, Санжан Әділов күдікті ретіндегі жүргізушіге қатысты кепіл ретінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Кепіл сомасы - 601 250 теңге.

Естеріңізге салсақ, 22 маусым күні Астанада жол апатынан Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болды.  


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде