ВИДЕО: Головкин мен Канелодан асып түсетін чемпион шықты
Мексикалық Хайме Мунгия ойламаған жерден әлем чемпионын нокаутпен ұтқан болатын.
15:27 02.07.2018
YouTube-тегі Villainfy Media каналы бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша мексикалық әлем чемпионы Хайме Мунгияның жаттығуынан видео жариялады.
Роликке "Хайме Мунгия "Канелодан" жылдам және Головкинге қарағанда едәуір қарымды панчер. Барлығы сескеніп қалды" деген тақырып қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, Мунгия Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегіне кандидаттардың бірі болды. Дегенмен Неваданың Атлетикалық комиссиясы 21 жастағы боксшыға мұндай жек-жек өткізуге рұқсат бермеді.
Бір аптадан кейін Хайме бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Садам Алимен жұдырықтасуға мүмкіндік алып, ойламаған жерден америкалықты техникалық нокаутпен ұтты.
Видео авторы: villainfy media
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!