{metadescription}
Қостанай облысында әйелі бұрынғы күйеуін сабап тастаған

Қостанай облысында әйелі бұрынғы күйеуін сабап тастаған

Қостанай облысында бұрынғы күйеуін ұрып-соққан әйел жазаланды.

Қостанай облысындағы Затобол елді мекенінің тұрғынына қатысты іс сотта қаралды.

Сот отырысында әйел жәбірленушімен ажырасып кеткенін айтты. Олардың кәмелетке толмаған екі жастағы баласы бар. Әйел кінәсін мойындамады және бұрынғы күйеуімен татуласқысы келмейтінін жеткізді.

Жәбірленуші өзінің бұрынғы әйелімен баласы үшін үнемі жанжалдасатынын сотқа хабарлады. Әйелі оны аз алимент төлейді деп айыптаған және баламен кездесуге мүмкіндік бермеген. Ер адам қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жүгініп, оған баламен қарым-қатынас жасау үшін арнайы уақыт бөлінгенін мәлімдеді.

27 мамырда бұрынғы ерлі-зайыптының арасында ұрыс болған. Нәтижесінде ер адамның денсаулығына зиян келген.

Сот тараптарды, адвокатты тыңдап, ұсынылған іс материалдары мен айғақтарды қарап шығып, істің барлық жай-жапсарын ескерді.

Қостанай аудандық сотының қаулысымен әйел 15АЕК (34035 теңге) көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.