{metadescription}
Бразилия құрамасы ширек финалға шықты

Бразилия құрамасы ширек финалға шықты

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Бүгін Ресей жасыл алаңдарында өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Самараның «Самара Арена» стадионында Бразилия және Мексика құрамалары кездесті.

Самарада өткен ойында Бразилия құрамасы 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Екі голды да екінші таймда соқты. 51 минутта Вилланның пасынан кейін Неймар есеп ашса, ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда Фирмино есепті еселеді.

Енді Бразилия құрамасы ширек финалда Бельгия және Жапония командалары арасындағы ойынның жеңімпазын күтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде