Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында үш адам уланып қайтыс болды
Алматы облысы Шелек ауылында орталық аудандық аурухана аумағында болған төтенше жағдай салдарынан үш адам қайтыс болды.
09:58 03.07.2018
Төтенше жағдай 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.
"12:34-те канализация құдығын тазалау барысында диаметрі 200 миллиметр тұрба тесілді. Салдарынан алдын ала болжам бойынша метан газынан үш адам уланды", – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
1967 жылы туған сантехник оқиға орнында қайтыс болған, 1969 жылы туған сантехник пен 1988 жылы туған дәрігер ауруханада қайтыс болған, 1984 жылы туған дәрігер ауруханада жатыр.
Дәрігерлер жұмысшыларды құтқармақ болғанда зардап шеккен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram