{metadescription}
Жедел жәрдем өлді деген әйел тіріліп кетті

Жедел жәрдем өлді деген әйел тіріліп кетті

ОАР тұрғынының аты-жөнін дәл қазір жасырып отыр.

24 маусым күні жол-көлік апатына түскен оны жедел жәрдем өлімнен арашалап алғысы-ақ келеді, бірақ көмек келгенде әйел көз жұмып кеткен делінеді.

Distress Alert жедел жәрдем компаниясы өздерінің кінәлары жоқ екенін, әйел шынымен де тірі болмағанын айтып ақталуда дейді TimesLive деген оңтүстік африкалық жаңалықтар сайты.

Қысқасы, жедел жәрдем «өлді» деп шешім шығарып берген әйел жергелікті мәйітхананың мұздатқышында оянып кетеді. Мәйітхана қызметкері мүрдені тексеруге келгенде әйелдің тыныс алып жатқанын байқап шошып кеткен. Қазіргі таңда науқас ауруханада ем қабылдап жатыр делінеді.

Айта кетерлігі, мұндай жағдай бірінші рет орын алып жатқан жоқ. 2018 жылдың қаңтарында испандық түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер де мәйітханада оянып кеткен. Оған дейін оны үш дәрігер бақылап, «өлді» деген шешім шығарғанын еске салайық.

Дереккөз: Қамшы

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.