ФОТО: Ұрылардың 7 жасар баланы азаптағаны таспаға түсіп қалған
Ұрылардың 7 жастағы баланы қинап жатқан сәті таспаға түсіп қалған.
13:50 03.07.2018
Ұрылар ауқатты отбасының үйіне баса көктеп кіріп, баланың әкесін талдырып ұрған.
Артынша қарулы қарақшылар жеті жасар баланы азаптап, бір сағатқа жуық ваннада ыстық суда ұстаған.
Нәтижесінде қылмыскерлер үйден зергерлік бұйымдарды, ақшаны және ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізді, өкпесіне су толып кеткен.
Қазіргі таңда АҚШ-қа қарасты Техас штатында ұрыларға жан-жақты іздестірулер жүргізіліп жатыр. Тіпті оларды тапқан адамға 25 мың АҚШ доллар мөлшерінде сыйақы тағайындалған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!