Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Қазақстандық балуан екі ұшақпен күш сынасып, рекорд орнатты
Астананың 20 жылдығы қарсаңында қазақстандық балуан Сергей Цырульников өзінің 13-ші рекордын орнатты.
14:38 03.07.2018
Екінші шілдеде алып күш иесі әрқайсысының қуаты 120 ат күшіне тең екі ұшақты үш минуттай ұстап тұрды.
Бұдан бұрын атлет әр қолымен екі жол талғамайтын көлік, төрт ат және он адамның күшін бағындырған еді. Ең қиыны аттарды ұстап тұру болды, дейді балуанның өзі.
"Ұшақтарды ұстап тұру жол талғамайтын көліктерді ұстағанға ұқсайды. Бірақ бұл жолы бицепстегі қан тамырларым жарылып кетті. Жаңа рекордымды қала күніне арнаймын", – деді Цырульников агенттігіне.
Қазақстандық балуан әр қалада жаңа әлемдік рекорд орнатпақшы.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram