{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Семейде дәмхана қызметкерлері келушіні ұрып-соққан
Оқиға 28 маусым күні Семейдің жазғы дәмханаларының бірінде орын алған екен. Зардап шеккен келушінің айтуынша, дәмхананың әкімшісі мен аспазы оны соққыға жығып, қолы мен мойын тұсын тырнап, жарақаттаған. Сондай-ақ, ұялы телефонын тартып алыпты. Қызметкерлердің мұндай әрекетке баруына келушінің ішкен тамағына ақша төлемеуі себеп болып отыр. Ол дәмханадан 40 мың теңгеге түстенген екен. Бұл оқиға бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Дереккөз: altaynews.kz
16:31 03.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!